Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.М. Айтпаева Қоғамдық қабылдау бөлмесінде балалар және жастармен кездесу өткізді

    

2019 жылдың 14 мамырында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле  Айтпаева  Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесінде балалар және жастармен кездесті. Кездесу «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Кездесу барысында Омбудсман  Қоғамдық қабылдау бөлмесі  ережеге  сәйкес тұрақты түрде қызмет ететін ақпараттық-кеңестік орталық болып табылатынын айтты. Сонымен қатар қабылдау бөлмесі өз жұмысында қоғам тарапынан мақұлданған принциптер мен халықаралық құқық нормаларына,  БҰҰ Балалар құқығы туралы Конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне,  ҚР «Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтарын қорғау туралы» Заңына» және басқа да нормативтік құқықтық актілерге  сүйенетінін атап өтті.

Омбудсман өз сөзінде Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі  балалар мен жастардың  құқықтарын қорғау саласы бойынша ақпараттандыруларына атсалысу, оларға құқықтық, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету екенін айтты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына мемлекеттік емес ұйымдар, балалар мен жастар құқықтарын қорғау мәселелерін шешу бойынша жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері де атсалысуда.

Кездесу бейресми форматта өткізілді.  Омбудсман балалармен пікір алмасып, олардың болашақтағы жоспарларымен танысты. Оқушылар талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, Бала құқықтары жөніндегі Уәкілге өз сұрақтарын қойды. Сонымен қатар Уәкілмен өз мектептері, отбасылары, қызығушылықтары мен заманауи әдебиеттегі таңдаулары туралы сұхбат өрбітті.

Кездесу барысында «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Жуманбаева Ақерке еріктілер қозғалысын дамытуға байланысты жобаларымен, жұмысқа орналастыру және балаларға кәсіби бағдар беру жұмыстарына байланысты жоспарларымен бөлісті.

Сәуле Мұханбедианқызы кездесу соңында балаларға ақыл-кеңесін берді. Балалардың қандай іспен айналысса да, қоғамда  өздерінің лайықты орындарын алудың маңыздылығын түсіндірді. Өз білімін тиімді пайдаланулары мен қиындықтарды қорықпай еңсерулеріне кеңес берді. Өз ойлары мен мақсаттарын сөзбен емес,  іспен дәлелдеген кезде қоғамның лайықты бағасына ие болатынын айтты. Кез келген жастың қабылдаған шешімі түрлі нәтижені беруі мүмкіндігін, алайда  үнемі қол жеткізуді қалаған нәтижеге қарай ұмтылу керектігін ұғындырды.

Встреча Уполномоченного по правам ребенка Айтпаевой С.М. с детьми и молодежью в Общественной приемной

      

14 мая 2019 года состоялась встреча Уполномоченного по правам ребенка Сауле Айтпаевой с детьми и молодежью в Общественной приемной, расположенной во Дворце мира и согласия. Встреча организована Общественным фондом «Бақытты бала» в рамках  государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства информации и общественного развития РК.

На встрече Омбудсман отметила, что в соответствии с положением Общественная приемнаяявляется постоянно действующим информационно-консультативным центром и в своей деятельности руководствуется общепризнанными принципами и нормами международного права, Конвенцией ООН о правах ребенка, Конституцией Республики Казахстан,  Кодексом Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье»,Законом РК «О правах ребенка в Республике Казахстан» и др.  нормативными правовыми актами.

Также она подчеркнула, что деятельность Общественной приемной способствует повышению осведомленности детей и молодежи в области защитыправ, оказанию им правовой, психолого-педагогической помощи.

К работе Общественной приемной привлекаются представители неправительственных организаций, компетентных государственных органов для своевременного решения вопросов в сфере защиты прав детей и молодежи.

Встреча  Омбудсмана с детьми прошла в очень теплой неофициальной обстановке, состоялся обмен мнениями по поводу планов на будущее.Школьники проявили интерес к обсуждаемым вопросам, задавали вопросы Уполномоченному по правам ребенка, делились личными наблюдениями, рассказывали о своей семье, школе, увлечениях, предпочтениях в современной литературе.

В ходе встречи заместитель руководителя Молодежного ресурсного центра «Астана жастары» Акерке Жуманбаева поделилась планами по совместной деятельности в рамках проектов по развитию волонтерской деятельности, трудоустройства и профориентации детей.

Сауле Муханбедиановна  подвела итоги встречи и подчеркнула, что чем бы не занимались школьники, важно, чтобы они успешно реализовали свои способности и заняли достойное место в обществе. Для успешного применения своих знаний и опыта нужно научиться преодолевать трудности, быть решительным и уметь продвигать свои идеи, не просто говорить, а действовать, и окружающие оценят их по достоинству. Изначально находясь в одинаковых условиях, каждый молодой человек принимает решение, которое приводит к разным результатам, важно понимать, какой результат вы хотите видеть в итоге.