Жастар мен балаларға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысы

2019 жылдың 28 маусым күні елордадағы №76 мектеп-лицейде ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жастар мен балаларға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысы өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты бойынша өткізілді.

Балалармен кездесуге ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл көмекшісі Боранбаева Надия, «111 жедел көмек» байланыс орталығының жетекшісі Құлатай Ысқақ және «Бақытты бала» қоғамдық қорының директоры Балапанова Зәуреш қатысты.

Кездесудің мақсаты   оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Балалар құқықтары жөніндегі конвенциямен таныстыру және «111 жедел көмек» қызметін таныстыру болды.

Ең алдымен ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл өкілі балалардың құқықтарын қорғайтын  Бала құқықтары жөніндегі конвенцияға еліміздің қашан қосылғанын,  құжаттың қандай мақсатпен жасалғандығын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі конвенцияның басты мақсаттары  салауатты даму, білім беру, кемсітушіліктен қорғану және зорлық-зомбылықтан қорғау екендігіне түсініктеме берді.

Келесі кезекте «111 жедел көмек» Байланыс орталығының жетекшісі Құлатай Ысқақ сөйледі. Ол балалар мен жастарға арналған сенім телефонының қызметн таныстырып,  ұйымның қызметкерлері, күніне қанша қоңырау келіп түсетіндігі және қызметкерлерге қандай қоңырау шалынып, қандай көмек көрсететіні туралы айтып берді.  «111» сенім телефонының мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың үйлестірілген өзара әрекеттесуінің арқасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу әрекеттеріне жылдам  шара қабылдауға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге және тіпті жастардың өмірін сақтап қалуға арналған шұғыл шараларды қабылдауға көмектескен кездерінен мысал келтірді.

Балалар  байланыс-орталығының жетекшісіне сұрақтар қойып, сұхбаттасты. Балалар осы уақытқа дейін  сенім телефоны туралы тәрбие сағаттарында жеткілікті ақпарат берілгенін жеткізді.

Кездесуді «Бақытты бала» қоғамдық қорының директоры Балапанова Зәуреш қорытындылады. Директор лицей мектебінің директорына мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеуде қолдау көрсету үшін алғысын білдіріп, бұл мектептің балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыру жоспарланған пилоттық алаң екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *