«Бақытты бала» қоғамдық қорының қызметкерлері «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен кездесті

29 шілде күні  Жастар сарайында «Бақытты бала» қоғамдық қорының қызметкерлері «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен кездесу өткізді.

  Жастар мен балаларға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесі қоғамдық қордың қолдауымен үшінші жыл жүргізілуде.

Жастармен өткізілген кездесу  Жастар мен балаларға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесінің  көшпелі отырысы форматында болды және балалардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту» атты семинар тренинг өткізілді.

Іс-шараға «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Жұманбаева Ақерке, ұйымдастыру бөлімінің маманы Сапарәлі Арайлым және де ЖОО, орта арнаулы оқу орындары мен мектеп оқушылары қатысты.

Кездесу басында жоба жетекшісі Сейдахметова Клара қатысушыларды қоғамдық қордың жұмысы және бала құқықтары жөніндегі Конвенциямен таныстырды. Сонымен қатар қордық үш жыл бойы қызмет атқарып келе жатқанын, осы уақыт аралығында жастар мен балалардың құқықтарын қорғау саласында үкіметтік емес ұйымдармен орнатылған тығыз байланыс жайлы айтты. Аталған бағытты дамытуға конференциялар мен семинарларға, тренингтер мен республикалық және халықаралық деңгейдегі  интерактивтік алаңдарға қатысу үлкен септігін тигізетінін айтты.

 Сондай-ақ спикер әрбір студент пен оқушыға Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы, ол қабылдаған құжаттар туралы жалпы түсінік болуы керектігін айтты. Себебі  бұл білім әлем туралы жастардың көкжиегін кеңейтуге ықпал ететін жеткізді.

Кездесудің екінші бөлігінде психолог Қораласбаева Айжан балаларға «Қарым-қатынас дағдылары мен қабілеттерін дамыту» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг әртүрлі жағдайларда жастардың қарым-қатынас орнату қабілетін дамыту, басқа адамдарды түсіну және тиімді тыңдау дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді.

     Шара соңында психолог жастармен бірге вербалды емес деңгейде қарым-қатынас орнату бойынша серіктестердің өзара түсінушілігін арттыруға, эмпатия мен рефлексия дағдыларын дамытуға, психомотор деңгейінде өзара әрекеттесуге бағытталған жаттығулар мен тапсырмалар жасады.

Встреча сотрудников Общественного фонда «Бақытты бала» с волонтерами Молодежного ресурсного центра «Астана жастары»

29 июля 2019 года в 10.00 час. во Дворце Жастар прошла встреча сотрудников Общественного фонда «Бақытты бала» с волонтерами Молодежного ресурсного центра «Астана жастары».

 Три года при поддержке Общественного фонда действует Общественная приемная для детей и молодежи.

Встреча с молодежью состоялась в формате выездного заседания Общественной приемной для детей и молодежи с целью правового информирования детей и молодежи и проведения обучающего тренинга «Развитие коммуникативных умений и навыков».

В мероприятии приняли участие заместитель руководителя Молодежного ресурсного центра «Астана жастары» Акерке Жуманбаева, специалист организационного отдела Арайлым Сапарали и учащиеся школ, колледжей и вузов.

В начале мероприятия руководитель проекта Клара Сейдахметова информировала молодежь о деятельности Общественного фонда, Конвенции о правах ребенка. Говоря о деятельности фонда она отметила, что фонд работает три года и очень важным его достижением является сотрудничество с неправительственными организациями, работающими в сфере защиты прав детей и молодежи. Развивать данное направление деятельности помогает участие в конференциях, семинарах, тренингах, диалоговых площадках республиканского и международного уровня.

Так же она подчеркнула, что иметь общеее представление об Организации объединенных наций, принятых ею документах, нужно каждому учащемуся и студенту, так как это способствует расширению кругозора молодых людей об окружающем мире.

В ходе второй части встречи психолог Айжан Кораласбаева провела обучающий тренинг на тему «Развитие коммуникативных умений и навыков» с целью развития возможностей молодых людей в установлении контакта в различных ситуациях общения, отработки навыков понимания других людей и эффективного слушания.

Далее она провела упражнения и задания, направленные на совершенствование взаимопонимания партнеров по общению на невербальном уровне, развитию навыков эмпатии и рефлексии, взаимодействия на психомоторном уровне.

Детский омбудсмен

Распоряжением Президента Республики Казахстан от 18.07.2019г. директор ОФ «Добровольное Общество «Милосердие» Аружан Саин была назначена Уполномоченным по правам ребёнка в РК. В настоящее время идёт процесс передачи полномочий, согласование межведомственных рабочих механизмов.
В случае необходимости обратиться к Уполномоченному, вы можете прислать свое обращение на электронную почту фонда info@detdom.kz. В дальнейшем обращения можно будет оставлять на интернет-ресурсе Уполномоченного.

Аружан Саин


Должность Уполномоченного по правам ребёнка введена в Казахстане Указом Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2016 года № 192.

Работа Уполномоченного осуществляется на общественных началах.

Бала омбудсмен

Қазақстан Республикасы Президентінің 18.07.2019 жылғы Өкімімен
«Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бүгінгі күні уәкілдік қызметін табыстау және ведомствоаралық жұмыс механизмдерін үйлестіру процесі жүріп жатыр. Уәкілге өтініштеріңіз бен ұсыныстарыңызды info@detdom.kz электронды поштасына жіберулеріңізге болады.

Қазақстанда балалар құқығы жөніндегі уәкіл лауазымы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 192 Жарлығымен
енгізілген.

Аружан Саин

Уәкілдің қызметі қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

Встреча с членами организации «Жас Улан»

19 июля 2019 года в офисе республиканской единой детско-юношеской организации «Жас Улан» состоялось выездное заседание Общественной приемной для детей и молодежи.

Данное мероприятие проведено в рамках государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства информации и общественного развития РК.

Организаторами мероприятия выступили сотрудники Общественного фонда «Бақытты бала», которые проводят системную работу по обеспечению условий для формирования правовой культуры учащихся школ.

Встреча с членами республиканской единой детско-юношеской организации «Жас Улан» состоялась в формате диалога.

Директор Общественного фонда «Бақытты бала» Зауреш Балапанова информировала учащихся об основных направлениях защиты прав детей и молодежи в нашей стране и за рубежом, важности присоединения нашей страны к Конвенции о правах ребенка, особенностях законодательной базы в сфере охраны прав детей.

Руководитель проекта Общественного фонда «Бақытты бала»           Клара Сейдахметова обратила внимание участников встречи на то, что основной миссией  Общественной приемной является правовое информирование детей и молодежи, сообщила о сотрудничестве с международными и общественными организациями, а также подчеркнула  роль  республиканской единой детско-юношеской организации «Жас Улан» в воспитании поколения молодых патриотов и активных граждан республики.

Участники встречи говорили об особой актуальности деятельности Контакт-центра «Экстренной службы 111». Подростки, юноши и девушки особенно нуждаются в психологической помощи в так называемый  «пубертатный» период, когда неразделенная любовь, конфликты с родителями и сверстниками, одиночество, страх перед будущим могут стать причинами психологического дискомфорта и даже ухода из жизни. В этом смысле деятельность телефона доверия приобретает острую необходимость, так как предлагает молодым людям мгновенную, круглосуточную, конфиденциальную поддержку.

Итоги встречи подвела директор Общественного фонда, которая напомнила участникам встречи о необходимости изучить Конвенцию ООН о правах ребенка и казахстанские законодательные акты, касающиеся защиты прав детей и молодежи.

«Жас Ұлан» ұйымы өкілдерімен кездесу өтті

2019 жылдың 19 шілде  күні Қоғамдық қабылдау бөлмесінің  республикалық бірыңғай “Жас ұлан” балалар және жасөспірімдер ұйымы өкілдерімен көшпелі отырысы өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты бойынша өткізілді.

Іс-шараны мектеп оқушыларын құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан «Бақытты бала» қоғамдық қорының қызметкерлері   өткізді.

Республикалық бірыңғай “Жас ұлан” балалар және жасөспірімдер ұйымының өкілдерімен кездесу  сұхбат форматында өткізілді.

«Бақытты бала» қоғамдық қорының директоры Зауреш Балапанова оқушыларға еліміздегі және шетелдердегі балалар мен жастардың құқығын қорғаудың негізгі бағыттары, еліміздің Бала құқықтары туралы конвенцияға қосылуының маңыздылығы және балалар құқығын қорғаудың заңнамалық базасының ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қоғамдық қордың жоба менеджері Клара Сейдахметова жиналысқа қатысушыларға Қоғамдық қабылдау бөлмесінің басты миссиясы балалар мен жастарға құқықтық ақпарат беру болып табылатын,  халықаралық және қоғамдық ұйымдармен орнатылған ынтымақтастық туралы мәлімдеді. Сонымен қатар Республикалық бірыңғай “Жас ұлан” балалар және жасөспірімдер ұйымының еліміздің  ұлтжанды әрі белсенді азаматтарының ұрпағын тәрбиелеудегі рөліне тоқталды.

Кездесуге қатысушыларға  «111» байланыс орталығының ерекше маңыздылығы туралы айтылды. Қор өкілі жасөспірімдердің, әсіресе қыздардың «жыныстық жетілу» кезеңінде психологиялық көмекке зәру болатынын жеткізді. Сонымен қатар ата-ананың  махаббатының жетіспеушілігі, отбасы және құрдастармен болатын түсініспеушіліктер, жалғыздық және болашақ қорқынышы психологиялық қолайсыздықтың, тіпті өлімнің себебі болуы мүмкін екені айтылды. Мұндай жағдайда сенім телефоны қызметі шұғыл көмек көрсете алады. «111» байланыс орталығы  тәулік бойы жастарға құпия психологиялық көмек пен қолдауды ұсынады.

Кездесуді Қоғамдық қордың директоры қорытындылады. Директор кездесу қатысушыларына БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенцияны және балалар мен жастардың құқықтарын қорғау туралы қазақстандық заңнаманы білу қажеттілігі туралы еске салды.

АНАЛИТИЧЕСКИЙ МАТЕРИАЛ

(Технический промежуточный отчет по итогам проведенного комплексного социологического исследования

по изучению уровня осведомленности детей и подростков, педагогических работников и родителей о семейных ценностях, национальных традициях в семье)

 промежуточный отчет

Аружан Саин назначена уполномоченным по правам ребенка

Распоряжением главы государства Саин Аружан назначена Уполномоченным по правам ребенка в Республике Казахстан

Аружан Саин является известным казахстанским общественным деятелем и основателем благотворительного фонда “Милосердие”.

Информация    о          внесенных изменениях и дополнениях в действующее законодательство по вопросам защиты прав детей за 2018 -2019 г.г.

СПРАВКА ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО

Конве́нция ООН о права́х ребёнка — международный правовой документ, определяющий права детей в государствах-участниках. Конвенция о правах ребёнка является первым и основным международно-правовым документом обязательного характера, посвящённым широкому спектру прав ребёнка. Документ состоит из 54 статей, детализирующих индивидуальные права каждого человеческого существа до достижения им 18 лет (если согласно применимым законам совершеннолетие не наступает ранее) на полное развитие своих возможностей в условиях, свободных от голода и нужды, жестокости, эксплуатации и других форм злоупотреблений.

Конвенция о правах ребенка

Жастар мен балаларға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысы

2019 жылдың 28 маусым күні елордадағы №76 мектеп-лицейде ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жастар мен балаларға арналған Қоғамдық қабылдау бөлмесінің көшпелі отырысы өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік гранты бойынша өткізілді.

Балалармен кездесуге ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл көмекшісі Боранбаева Надия, «111 жедел көмек» байланыс орталығының жетекшісі Құлатай Ысқақ және «Бақытты бала» қоғамдық қорының директоры Балапанова Зәуреш қатысты.

Кездесудің мақсаты   оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Балалар құқықтары жөніндегі конвенциямен таныстыру және «111 жедел көмек» қызметін таныстыру болды.

Ең алдымен ҚР балалар құқықтары жөніндегі Уәкіл өкілі балалардың құқықтарын қорғайтын  Бала құқықтары жөніндегі конвенцияға еліміздің қашан қосылғанын,  құжаттың қандай мақсатпен жасалғандығын кеңінен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі конвенцияның басты мақсаттары  салауатты даму, білім беру, кемсітушіліктен қорғану және зорлық-зомбылықтан қорғау екендігіне түсініктеме берді.

Келесі кезекте «111 жедел көмек» Байланыс орталығының жетекшісі Құлатай Ысқақ сөйледі. Ол балалар мен жастарға арналған сенім телефонының қызметн таныстырып,  ұйымның қызметкерлері, күніне қанша қоңырау келіп түсетіндігі және қызметкерлерге қандай қоңырау шалынып, қандай көмек көрсететіні туралы айтып берді.  «111» сенім телефонының мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың үйлестірілген өзара әрекеттесуінің арқасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу әрекеттеріне жылдам  шара қабылдауға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге және тіпті жастардың өмірін сақтап қалуға арналған шұғыл шараларды қабылдауға көмектескен кездерінен мысал келтірді.

Балалар  байланыс-орталығының жетекшісіне сұрақтар қойып, сұхбаттасты. Балалар осы уақытқа дейін  сенім телефоны туралы тәрбие сағаттарында жеткілікті ақпарат берілгенін жеткізді.

Кездесуді «Бақытты бала» қоғамдық қорының директоры Балапанова Зәуреш қорытындылады. Директор лицей мектебінің директорына мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеуде қолдау көрсету үшін алғысын білдіріп, бұл мектептің балалардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыру жоспарланған пилоттық алаң екенін айтты.

Выездное заседание Общественной приемной для детей и молодежи

28 июня 2019 года в столичной школе-лицее № 76 состоялось выездное заседание Общественной приемной для детей и молодежи при Уполномоченном по правам ребенка в РК.

Данное мероприятие проведено в рамках государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства информации и общественного развития РК.

На встрече со школьниками выступили  Общественный помощник Уполномоченного по правам ребенка Боранбаева Надия, руководитель Контакт-центра «Экстренная служба 111»  Кулатай Ыскак, директор Общественного фонда «Бақытты бала» Балапанова Зауреш.

Основная цель встречи – формирование правовой культуры учащихся, ознакомление с Конвенцией о правах ребенка, деятельности «Экстренной службы 111».

Первой выступила представитель Уполномоченного по правам ребенка, которая рассказала детям о том, в каком году и с какой целью был создан документ, в котором определены права и обязанности детей, когда наша страна присоединилась к Конвенции о правах ребенка.

Она прокомментировала основные статьи Конвенции о правах ребенка о праве на здоровое развитие, образование, защиту от дискриминации, насилия на примерах из жизни детей.

Далее выступил руководитель Контакт-центра «Экстренной службы 111». Он подробно остановился на деятельности телефона доверия для детей и молодежи, рассказал о коллективе данной организации, о том, сколько поступает звонков в день, какого характера звонки и какую помощь оказывают сотрудники. Также он привел примеры, когда слаженное взаимодействие «Экстренной службы 111», государственных органов, общественных организаций способствовало оперативному реагированию на нарушение прав несовершеннолетних, принятию неотложных мер для восстановления нарушенных прав и даже спасению жизни молодых людей.

Дети активно задавали вопросы руководителю контакт-центра, так как были информированы о телефоне доверия на классном часе.

Подвела итоги встречи директор Общественного фонда «Бақытты бала» Балапанова Зауреш. Она сказала выразила благодарность директору  школы-лицея за сотрудничество и поддержку в деле правового просвещения школьников и сказала, что данная школа является пилотной площадкой, куда планируется приглашать представителей государственных органов, неправительственных организаций, работающих в сфере защиты прав детей.

Настоящий Кодекс определяет цели, задачи, принципы и правовые основы регулирования брачно-семейных (супружеско-семейных) отношений, обеспечивает защиту прав и интересов семьи, определяя ее развитие приоритетным направлением государственной социальной политики Республики Казахстан.

Кодекс РК “О браке (супружестве) и семье”

Настоящий Закон регулирует отношения, возникающие в связи с реализацией основных прав и законных интересов ребенка, гарантированных Конституцией Республики Казахстан, исходя из принципов приоритетности подготовки детей к полноценной жизни в обществе, развития у них общественно значимой и творческой активности, воспитания в них высоких нравственных качеств, патриотизма и гражданственности, формирования национального самосознания на основе общечеловеческих ценностей мировой цивилизации.

Закон о правах ребенка в Республике Казахстан

Настоящий Закон определяет правовые, экономические и социальные основы деятельности государственных органов по профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждению детской безнадзорности и беспризорности.

Закон РК О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности

Встреча Уполномоченного по правам ребенка с НПО

21 июня 2019 года в столице состоялась встреча Уполномоченного по правам ребенка в РК, депутата Сената Парламента РК Айтпаевой С. М. с неправительственными организациями столицы и Карагандинской области.

Данное мероприятие проведено в рамках  государственного гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» при поддержке Министерства информации и общественного развития РК.

Основная цель круглого стола – дальнейшее развитие и совершенствование конструктивного диалога неправительственных, общественных организаций по актуальным вопросам обеспечения прав детей.

Модератором круглого стола выступила Уполномоченный по правам ребенка в РК, депутат Сената Парламента РК Айтпаева С. М.

В начале выступления Сауле Муханбедиановна  поблагодарила участников круглого стола за то, что откликнулись на приглашение для разговора о насущных проблемах в сфере защиты детства.

Первая встреча Уполномоченного по правам ребенка  с НПО прошла в г. Алматы, где прозвучало много вопросов к Уполномоченному  и многие вопросы были сняты за время её деятельности. В числе первых, был вопрос о соответствии деятельности органов по защите прав детей Парижским принципам, о необходимости проведения независимого мониторинга учебников, работы воспитателей, социальных работников.

Омбудсман напомнила присутствующим о том, что в начале текущего года при партии Нур Отан был создан Республиканский Совет по защите прав детей – независимый орган, который занимается реализацией задач, направленных на улучшение положения детей.  Деятельность Комитета по охране прав детей заключается в осуществлении координации деятельности по защите прав детей государственными органами, неправительственными и международными организациями.

Одним из острых вопросов, прозвучавших в ходе встречи с НПО Алматы, был вопрос о качестве учебников. Омбудсман сообщила, что на платформе opiq.kz представлены цифровые версии печатных учебников, которые рекомендованы Министерством образования.  Для учащихся с 1 по 4 класс в доступе учебники по математике, русскому языку в казахской школе, казахскому языку в русской школе, литературному чтению, әдебиеттік оқу, музыке.  Для основной школы – 5-9 классы – и основной старшей школы – 5-11 классы – учебники по информатике, географии, алгебре, русскому языку и литературе.

Однако, по информации министерства образования и науки РК,  ожидаемого активного обсуждения проектов печатных учебников со стороны родителей и НПО не отмечается.

Также в ходе первой встречи с НПО было заявлено о давлении со стороны акиматов  на руководство школ во время проведения ЕНТ. Уполномоченный по правам ребенка отметила, что вновь назначенный министр образования и науки первый свой брифинг посвятил вопросам организации ЕНТ.  До начала проведения ЕНТ жалоб и заявлений в связи с организацией ЕНТ не поступало.

Также, общественными организациями родителей детей с особыми потребностями и детей с инвалидностью был поднят ряд острых проблем – необходимость комплексной поддержки детей с аутизмом, внедрение инклюзивного образования, подготовки и обучения специалистов для работы с детьми с особыми потребностями, расширение сети реабилитационных и коррекционных центров, увеличение возраста для обучения детей до 21 года в образовательных учреждениях, увеличения базового должностного оклада в рамках государственного социального заказа, подготовки тренеров по адаптивной физкультуре и многие другие вопросы.

Ещё один очень серьезный вопрос был поднят в ходе первой встречи с НПО, правоохранительными органами допускается несвоевременная регистрация сообщений, жалоб в связи с правонарушениями. Омбудсман сообщила, что данный вопрос отработан с МВД и Генеральной прокуратурой. В настоящее время каждое заявление, которое поступает через телефон 102 или общественные организации, регистрируется в едином реестре досудебных расследований.  В июне-июле жалобы такого рода не поступали, что свидетельствует о том, что ситуация изменилась в лучшую сторону.

Уполномоченный по правам ребенка сказала, что как депутат Сената может заявить о том, что законодательно введена норма о том, что в случае совершения каких-либо правонарушений детьми или в отношении детей, а также в случае, если эта информация стала доступна учителям, социальным работникам, психологам, медицинским работникам и они не сообщили об этом в правоохранительные органы, предусмотрена ответственность.

Кроме того, Сауле Муханбедиановна сообщила, что 1 апреля текущего года были внесены изменения в законодательство относительно деятельности комиссий по делам несовершеннолетних, которые могут образовываться даже в сельском округе и руководит их работой акимы сельских округов. Много лет шла дискуссия по поводу необходимости введения единицы освобожденного секретаря и теперь такая единица законодательно закреплена, секретарь комиссии входит в штат аппарата акима.

Часто на разного рода встречах озвучивается вопрос о взыскании алиментов, об имеющихся нарушениях, допущенных нотариальной службой, когда речь идет о выплате алиментов несовершеннолетним детям. Омбудсманом  в связи с этим вопросом был направлен депутатский запрос по вопросу взыскания алиментов и путях решения данного вопроса, в том числе об имеющемся на сегодня отсутствии взаимодействия между службами органов юстиции по вопросам защиты прав детей.

Выступили Закиева Динара, соучредитель ОБФ «Қасиетті жол», заместитель председателя Совета по защите прав детей при партии Нур Отан; Рыль Анна, директор ОФ «Коргау»; Балтабайкызы Нургуль, директор ОФ «AINAR»; Дмитриенко Елена, президент РОО «Союз детских общественных организаций «Жулдыз»; Назарова Жанна, заместитель директора Представительства Международной тюремной реформы (PRI) в Центральной Азии.

От государственных органов на встрече присутствовал председатель Комитета по охране прав детей МОН РК Ерсаинов Ержан.

Уполномоченный по правам ребенка подвела итоги круглого стола и попросила представителей НПО направить в письменном виде свои предложения по созданию Общественного движения «Казахстан, дружественный к ребенку», предложения по внесению изменений в законодательство  организаторам мероприятия: ОФ «Бақытты бала» и ОФ «AINAR»  по поддержке детей с аутизмом, особыми потребностями и сирот.

Баланы қорғауды туғаннан бастау керек

Біздің қоғам балаға қатысты қылмыстан күңіреніп тұр. Туа сала дәретханаға лақтыру, зорлау, өлтіру, сату, еңбегін қанау, ерте жүктілік, суицид деп тізіліп кете береді. Құзырлы органдар әр қылмыстың түпкі себебімен емес, зардабымен күреседі. Адамдар кінәліні іздеуге құмар. Сонда тығырықтан шығатын жол қайсы? Жаһанданған заманда қатер мен қылмыстың қақпанының аузында қалған әлсіз ұрпақты кім, қалай қорғайды? Осы және өзге де тақырыптар бойынша Сенат депутаты (еліміздегі генералдық шені бар жалғыз әйел), ҚР Әйелдер ісі, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Сәуле Айтпаевамен сұхбаттастық.

Баланы кімнен қорғаймыз?

– Сәуле Мұханбедианқызы, Шымкенттегі баланы зорлау оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл қылмыстық істің ақыры не болды? Неліктен құзырлы органдар осы қылмыс халыққа әшкере болғаннан кейін әрекетке көшті. Балаға қатысты қылмысқа келгенде неге біз себептерімен емес, зардабымен күресеміз? Мұндай масқараға еті өліп кеткен қоғамда балаларды қалай қорғаймыз?
– «Қоғамның еті өліп кетті» деген әлеуметтік желідегі пікір кімдікі? Ал қоғамның жантүршігерлік қылмысқа бейжай қарамауының өзі мұндай масқараға төзе алмайтынын көрсетті. Осы қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалды. Онымен Әділет министрлігінің республикалық сот сараптамасы орталығының мамандары айналысуда. Әр баланың құқығына немқұрайды қарамайтын жандардың бәрі осы «істің» ақырының немен бітетінін бақылап отыр. Құзырлы органдар тиісті іс-шараларды атқаруда. Мұндай қылмыстың болуына не себеп? Меніңше, қоғамда идеология жоқ. Әр балаға өз анасындай, әкесіндей қарауға тиіспіз. Бұрын мұғалім сөмкесін дұрыс жинамаған оқушыға талап қоюшы еді. Бүгін балаға артық сұрақ қоюдан да именеді. Өйткені қазір көп ата-ана қит етсе полиция­ға жүгіреді. Мысалы, сол зорлық көрген баланың сүлесоқ түріне мұғалім неге назар аудармады? Мәселенің түп-тамыры тереңде жатыр. Біз әр нәрсеге кінәлі адамды іздей бастаймыз. Өзімізді кінәлі деп сезінбейміз. Күрделі мәселенің бірі – осы. «Себеппен емес, зардабымен күреседі» деген сауалды дұрыс қойдыңыз. Біздің елімізде заңдық негізде барлық мәселе шешілген. Тиісті заңдар қабылданды, халықаралық конвенциялардың бәріне қосылдық. Балаларды қорғауға қатыс­ты арнайы 15 заңымыз бар. Сол заңдарда құзырлы органның не істеу керектігі ап-анық жазылған. Яғни, балаларды қорғау механизмі бар. Жыл сайын еліміздегі балалардың жағдайы туралы баяндама жарияланады. Онда балаға қатыс­ты мәліметтің бәрі бар. Әлеуметтік көмектің жол картасы жасалған, нақты нәтижесін көретініміз анық. Мұндай қылмыс неге көбейді? Қарап отырсақ, қазір есейген ұрпақ сонау 90-шы жылдардағы құлдырауды көзімен көргендер. Мұғалім мектептен, дәрігер ауруханадан кетіп, күнкөріс қамымен базар жағалады. Әке-шешесінің осы жанталасын көріп өскен балалар ақша табуды бірінші орынға қойды. Демек, балаларды кінәлау – орынсыз. Баланы қорғау шырылдап дүниеге келгені сәтінен басталады. Оны тудырған адамнан, өзінің тасбауыр анасынан қорғауымыз керек.

Жаһанторды жүгендейміз бе, баламызды бақылаймыз ба?

– Қазір мыңдаған бала жаһанторда «отыр». Ол адам өлтіру, зорлық-зомбылық, порнография және басқа да бейәдеп, лас ақпаратқа толы. Бұл жерде мемлекет баланы қорғауда қандай саясат жүргізгені жөн? Заң қабылдау мәселені толық шешпейтіні анық.
– Менің білуімше, балалардың заңсыз контентке қолжетімділігін шектейтін заңнамаға енгізілген түзетулер Мәжілісте талқылануда. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, ерте жүктілік сияқты фактілер туралы заңды бұзушыларға жауапкершілік енгізіледі. 2017 жылы 29 желтоқсанда «Білім беру туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, білім беру ұйымдары байланыс операторларынан сүзгіден өткен қауіпсіз ғаламторды сатып алуға міндеттелді. Сондай-ақ ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру іс-шараларына сәйкес, балаларды ғаламтордағы зиянды ақпараттан қорғау үшін ата-аналарға ақпараттық курс әзірленді. Алайда бұған ата-аналар: «қолымыз тимейді», «уақытымыз жоқ» деген уәж айтуы мүмкін. Той-думанға баруға уақыт табатын үлкендердің өз баласының қауіпсіздігіне қатысты дәріске баруға ниетінің жоқтығына қынжыламын. Шындығын айтсақ, ата-ана мен баланың арасы алшақтады. Кітап оқитындар азайып барады. Дастархан басында бірге ас ішіп отырып, баласына қауіпсіздік туралы айтуға болады ғой. Біреу шай ішсе, екіншісі ұялы телефонға телміріп отырады. «Сақтансаң сақтаймын» деген нақыл сөзді неге ұмыттық? Ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту керек.
Осыған орай Президенттің тапсырмасымен Білім беру және Денсаулық сақтау министрліктері «Сандж» қоғамдық қорымен бірлесіп жүргізген сауалнаманың қорытындыларын мысалға келтірейін. Сауалнама не көрсетті? «Балалар бос уақытын қалай пайдаланады?» деген сауалға 12-15 жас аралығындағы балалардың 30, 70%-ы «ғаламторда, әлеу­меттік желілерде отырамын» деп жауап қатқан. Ол түгілі, балабақшадағы балақайлардың өзі смартфонмен ғаламторды пайдалана алады. 20 %-ы ғаламтордан алынған дискіден кино көреді екен. Мұның арты не болары беймәлім. Са­уалнамаға қатысқандардың 21,9%-ы – аулада футбол ойнайды, секцияларға барады, 16%-ы сурет салады, шахмат ойнайды, музыкамен әуестенеді, 11,9%-ы клубтарға, би кештеріне барады, 2,8%-ы ақша табады. Бір таң қаларлығы, 1,9%-ы «бос уақытым жоқ!» деп үзілді-кесілді жауап беріпті. Сонда олар немен айналысады? Біз үшін әр бала маңызды. Әр бала – ұлтымыздың келешегі, ұлттық капиталымыз. Ертеңіміздің не болатыны осыдан көрінеді емес пе? Қуантарлығы сол, балалардың 43,9%-ы «сабақ оқимын, өз күшіммен білімімді жетілдіремін» деп жазыпты. Үй тапсырмасын үйде жазады емес пе?! Бұрын ата-ана баласына сырттан келетін жағымсыз нәрседен сақтанатын-ды. Ал бүгін ондай қауіп экрандағы ақпаратпен келеді. Ата-анасы күні бойы жұмыста болғанда баласы үйде немен айналысады? «Көк кит» оқиғасы есіңізде шығар. 2017 жылдың 1 қаңтарында ғаламторда «Көк кит» деп жазып іздеу тетігін басқан 1883 адам тіркелсе, наурыз айында бұл көрсеткіш 930 150-ге көбейген. Ақпарат қандай жылдамдықпен таралатынын бағамдай беріңіз. «Көк кит» тобы жас балаларды өзін-өзі өлтіруге итермелеген оқиғалардың дәлелденбегеніне қарамастан, Ішкі істер министрлігі ата-аналарға өз балаларының виртуалды өміріне бақылау жасауға кеңес берді. Бұл ұсыныстың негізі бар. Тағы да «Сандж» қоғамдық қоры жүргізген зерттеулерге көз жүгіртелік. Сұрау салынған 17-19 жастағы бозбала мен бойжеткендердің 45,70 пайы­зының әке-шешесі баласы компьютерде қандай онлайн-ойындарды ойнайтынына назар аударады екен. 59%-ның ата-­анасы қандай сайттарды көретінін, 65%-­ы әлеуметтік желілерде кіммен хат жазысатынын білгісі келетінін айтқан. Орта есеппен алғанда ата-аналардың 81%-ы балаларымен ғаламтордағы қауіпсіздік туралы сөйлесетіні анықталды. Алайда көп балалы отбасыларда бұл көрсеткіш 67,2%-ды құраған. Біз тек ғаламтор туралы айттық. Бұдан басқа электрондық тә­уелділік (ұялы телефонға, әлеуметтік желілерге-ред.), ғаламтордағы серфингке тәуелділік деген бар. Шындығына келсек, балалар қазір не көретінін, қандай бейнеойындар ойнайтынын білмейміз. Сол себептен үйде ата-анасы, мектепте мұғалімі баламен әңгіме өткізуге, қадағалау­ға міндетті. Сынып сағаты дегенді қалпына келтіруіміз керек. Ауылдағы мектептерде тегін спорт үйірмелерін қайта ашайық. Әр баламен ашық, жылы сөйлескенде ғана мәселені түсіндіре аламыз.

Бала суицидті ата-анасын қорқыту үшін жасайды

– Балалар суициді бо­йынша еліміз ТМД-да алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Бұл қылмысты азайту үшін қандай нақты қадамдар жасаған жөн? Мысалы, елордалық прокурорлар баланың ата-­анасын жазалау керек деген ұсыныс айтты. Сіз бұған не дер едіңіз?

– Ойлап қарасақ, бұл мәселенің шешімі емес. Мысалы, бір отбасындағы бала ғаламтордағы азғырудың қақпанына түсіп қалды делік. Жоғарыда айтқанымыздай, ата-­анасы бақылау­сыз қалдырды. Бірақ бала суицид жасағысы келмеді. Оны итермеледі. Кім кінәлі? Бұдан бөлек жағдай да бар. Әке-шешесі баласына ойыншық және басқа да сұраған нәрсесін сатып алудан бас тартты. Ал бала мұндай жағдайға дайын емес. Суицидке барды немесе жасауға әрекет етті. Өзіңіз ойлаңызшы, бұл – үлкен қайғы. «Жығылғанның үстіне жұдырық» деп ата-анасын жазаласақ не болмақ? Әлгі бала өмір бойы өзін кінәлайды. Ата-анасы жаман болса, баласын аямайды. Бұдан қоғам не ұтады? Немесе қылмыстық жазаға тартылған әкесі не анасы темір торға тоғытылады. Басқа баласы жетім қалады. Егер де ата-анасы қасақана өз баласын суицидке мәжбүрлесе, қылмыстық кодексімізде арнайы баппен жазаланады. Оның мәжбүрлегені факті, оқиға, материалдармен толық дәлелденген жағдайда түрмеге қамалады. Қандай жазаға тартылатынын сот шешеді. Демек, балаға дұрыс тәрбие беруді бірінші орынға қоюымыз қажет. Бала өмірдегі кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Суицид бойынша Қазақстан ТМД-да алдыңғы орын алады дегенмен келіспеймін. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінен алынған ресми деректерді келтірейін. 2016 жылы еліміздегі жастардың даму көрсеткіштері жазылған жаһандық индекс жарияланды. Осы құжатта Қазақстан балалар мен жасөспірімдер суицидінің алдын алу бойынша 7 мемлекеттің арасынан 2010-2015 жылдары 10%-ға алға жылжығаны айтылған. Ал Украинадағы жағдай – 9%-ға, Әзербайжанда 8%-ға нашарлаған. Меніңше, балалар суицид өлімге апаратын жол екенін түсіне бермейді. Көптеген суицидтердің себебі біреу: бала ата-анасын қорқытқысы келіп, әрекет жасайды. Ұялы телефон сатып әпермегені үшін, киноға жібермегені үшін суицид жасамақшы болады. Бұл мәселе келесі жолы шешілетінін түсінбейді. Мойынға салатын тұзақ, ішетін дәрі өлімге алып баратынын білмейді. Демек, ата-ана мен баланың арасындағы сенім, жанды байланыс жойылып барады деген сөз. Бұдан бізді құтқаратын бір ғана жол бар. Ол – атаның ақылымен, ананың сүтімен берілетін салт-дәстүрлерімізді әр баланың санасына сіңіру, күнделікті ұстану. Қазақ баланы бұрын қалай тәрбиеледі? Қазір қалай тәрбиелейді? Әр бала – шаңырақтың, ұлттың бақыты. Онда неге жас қыз­дарымыз, әйелдеріміз оны туа сала дәретханаға тастап кетеді. Құзырлы органдар тауып алғанда: «асырауға мүмкіндігім болмады», «тұратын үйім жоқ» деген уәж айтады. Ал біздің ата-аналарымыз қалай өмір сүрді? Қандай қиындық болса да, еш мойыған жоқ. Киіз үйлерде өмір сүрді, бір бөлмеде 10 адам жатып, ұйықтады. Ал бүгін титтей қиындық көрсе, қара басының қамын күйттейді. Бұрын қазақтар бір-бірінің үйіне сұраусыз баратын-ды, ал бүгін туыстардың өзі «біз қонаққа барсақ бола ма?» деп телефон шалады. Ұлттық дәстүрлерімізден алыстасақ, қайда барамыз? Бала үлкеннен көргенін істейді. Бірде мынадай жайтқа куә болдым. Пойыздың бір вагонында екі атамен сапарлас болдық. Құдалықтан келе жатқан кезі екен. Мені таңқалдыр­ғаны – әлгі ақсақалдар өткен тойды, кімнің қандай көйлек кигенін талқылап, әңгімеледі. Біздің бала күнімізде ата-анамыз қандай әңгіме айтатынын есіме түсірдім. Мысалы, менің әкем мен атам өз көршісімен шөп шабатын кезең, «Урал» деген мотоциклдің неге от алмайтыны, көрші тұратын аурушаң ақсақалға сездірмей бір арба шөп тасып беру сияқты әңгіме айтушы еді. Түнде олар әлгі көршісінің арбасын алып, шөп тиеп, түсіріп қоятын-ды. Біз үлкендердің, ата-әкенің аузынан осындай ұлағатты әңгімені естіп, өстік. Таңертең аялдамадан өтіп бара жатқанда 5 еркек, 1 әйелдің тұрғанын көрдім. Қазақтың әйелі шылымын бұрқыратып тұр, жанында баласы бар. Мұны көрген бала қандай тәрбие алады? Жуырда 9 жасар бала жоғалып кетіп, 4 сағаттан кейін табылды. Өзінің айтуынша, бапкерімен ұрысып қалып, үйіне өзі бармақ болған. Яғни, бала кішкентай қиындыққа төзе алмады. Ата-ана да, мектептегі мұғалім (бапкер, тәрбиеші т.б.-ред.) де әр баланы осыған дайындауы тиіс. Бұрын мұғалім екінші ата-анасы болатын. Қазір ешкімнің баламен шаруасы жоқ. Мәселенің көкесі – осы.

Төсек қатынасын сұлулық деп түсінетін болдық

– Қазақстанда жасөспірімдердің 10%-ы 14 жасқа дейін, 50%-ы 19 жасқа дейін жыныстық қатынастың «дәмін татады»! Жыл сайын еліміздегі 15-тен 19 жасқа дейінгі 20 мың қыз жүкті болып, соның ішіндегі 10 мыңы түсік жасатады екен. Осындай статистика Сарыарқа аудандық прокуратурасында өткен бір жиында айтылды. Шындығына келсек, біздің қоғам бұл мәселені әрі-бері талқылаудан аса алмайды. Нақты іс-қимылдар жоқ. Не істеуіміз керек?
– Шынымды айтсам, Сарыарқа аудандық прокуратурасы мұндай статис­тиканы қайдан алғанына таң қалып отырмын. Бәлкім, прокурорлар халықтың арасына барып, жеке сауалнама жүргізген шығар. Мен сізге ресми мәліметтерді айтайын. Ұлттық экономика министрлігі шығарған 2012-2016 жылдарға арналған «Қазақстанның ерлері мен әйелдері» атты баяндамада балалардың құқығы туралы бөлім бар. Енді осыған көз жүгіртелік. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде 2017 жылы 0-ден 19 жас аралығындағы 2 953 509 (3 млн-ға жуық-ред.) тұрғын тіркелген. Мәселен, өткен жылы елімізде 15 жасқа дейінгі – 16, 15-18 жас аралығындағы 1418 жасөспірім түсік жасатқан. Бұл – ресми медициналық мекемелер берген мәлімет. Назар аударатын жайт, бұл статистикаға 18-19 жастағыларды қосқан. Кәмелеттік жасқа толғанда тұрмысқа шығуға рұқсат етіледі. Статистикалық мәліметтерге (Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті) сәйкес, 2018 жылдың 1-ші тоқсанында кәмелет жасына толмағандармен жыныстық қатынас жасаған қылмыстардың саны 2017 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2,1%-ға (2017 – 229, 2018 – 183) кеміген. ҚР Қылмыс­тық кодексінің 122-бабы бойынша («18 жасқа толмағандармен жыныстық қатынаста болу» деп аталады) жасалған қылмыстар 6,8%-ға (303-тен 96-ға-ред.) азайыпты. Осы бап бойынша зардап шеккендердің 91%-ы – 14-16 жастағы жасөспірім.

Негізгі фактор – кәмелет жасына толмағандардың жыныстың қатынасқа ерте түсуі. Мұның себебі, өнегелілік идеалдардың, моральдық принциптердің төмендеуінен болып отыр. Мысалы, «МузТВ» деген арнаны қосыңызшы. Жағаңыз­ды ұстайсыз. Отандық жас әртістер төсек қатынасын әнге қосқан музыкалық клиптерін ашық көрсетеді.

Әсемдік ретінде табиғат көрінісін түсіруге болады ғой. Бірақ әсемдік, сұлулық дегенді басқаша түсінетін болдық. Тіпті көшеде күндіз жас қыз-жігіттер құшақтасып, аймаласып, сүйісіп тұрады. Өздері оны еркіндік деп түсінеді. Меніңше, бұл еркіндік емес. Моральдық, отбасылық құндылықтарымыз құлдырады. Бүгінгі жастар отбасын құруға жеңіл-желпі қарайтын күнге жеттік. Соның нәтижесінде қаншама жас жұбайлар ажырасып, оның кесірі балаға тиюде. Қазір паналайтын жері, ештеңесі қалмаған қыз-келіншектеріміз қаншама?! Ерте некеге отыру туралы. Әділет министрлігі берген ресми деректе 2017 жылы елімізде 16-17 жас аралығындағы 786 неке (2016 жылғы көрсеткіш – 1140) тіркелгені айтылады. Кәмелетке толмағандардың көпшілігі некесін ресми тіркемейді. Мешітке барып, некесін қия салады. Олай болса, мешіттер де ондай мәліметтерді құзырлы органдарға беруі керек. Тағы бір статистиканы келтірейін. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, 2016 жылы елімізде 5626 жасөспірімдер арасындағы жүктілік тіркелген. Соның ішінде әрбір төртіншісі (24%-ы) түсік жасатыпты. Мұның салдары өте аянышты. Сол жасөспірімдер тұрмысқа шыққанда бала көтере алмайды. Осындай оқиғалар Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында көп. Сіз нақты іс-қимылдар жоқ дейсіз. Оның бәрі ереже, заң, конвенцияларда тайға таңба басқандай жазылған. Бірақ онымен өмір сүруіміз керек. Мәселенің түп-тамыры отбасындағы тәлім-тәрбиеден басталады. Ұят дегенді қаршадайы­нан әр баланың санасына сіңірген жөн. Ал ата-анасы қандай үлгі-өнеге көрсетсе, бала соны сіңіреді.

Бала сату бизнеске айналды

– Қазіргі кезде қанатын кеңге жайған қылмыстың бірі – адам саудасы. Соңғы жылдары елімізде қанша бала сатылғаны жөнінде шындыққа жақын мәлімет бар ма? Балаларды мұндай қылмыстан қалай қорғаймыз?
– Дүние жүзінде бала сату бизнеске айналды. Миллиондаған балалар физикалық, сексуалдық зорлықтың құрбаны болуда. Өкініштісі сол, Қазақстанда да бұл қылмыс азаяр емес. 2015 жылы жаңа кодекс қабылдадық. 2015-2017 жылдары және 2018 жылдың 4 айында елімізде 79 (65-і сотқа жіберілді) қылмыс тіркелді. Мұның 93%-ы баланы заңсыз асырап алуға жатады. Осы балаларды қайтару, құтқару, қорғау үшін еліміз көп халықаралық келісімдерге қосылды. Қарекетсіз отырған жоқпыз.
– Сәуле Мұханбедианқызы, салиқалы сұхбатыңызға көп рахмет айтамын. Ел, ұлт үшін жасап жүрген еңбегіңізге мол табыс тілеймін!

Сұхбаттасқан 
Төлен ТІЛЕУБАЙ

мақала www.astana-akshamy.kz алынды

Сәуле АЙТПАЕВА, сенатор: Баланы қорғауды туғаннан бастау керек