ЕЛОРДАДА ДАРЫНДЫ ДА ДАРА ЖЕТКІНШЕКТЕР БҮГІН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева елордада таланты, талапты балалармен кездесіп, алдағы мейрамдарымен құттықтады. Сондай-ақ, шара барысында омбудсмен еліміздің өзге де аймақтардың балаларымен бейне байланысқа шықты. Бұл балғындар жастары кіші болғанымен, үлкен істерді атқарып келеді. Аймақтық, республикалық, халықаралық сайәыстарда жеңімпаз атанып, әлеуметтік және шығармашылық жобаларды жүзеге асырып жүр. Сәуле Айтпаева, ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Бұл мереке – бүкіл әлем мен мемлекеттер үшін маңызды мереке. Айтулы мерекемен тұспа-тұс келген іс-шарамыз мемлекеттік саясатта бала мәселелерінің басымдылығын сөзсіз мойындау тұрғысынан символдық және елеулі оқиға болып табылады. Бұл күні барлығы балалардың өмірін жақсартуға, балалардың құқытарын қорғауға және олардың әлеуетін іске асыруды қолдау үшін күш-жігері дайын екендігін көрсетеді.

Альбина ӘШІМ

https://kaztrk.kz/news/qogam/elordada-daryndy-da-dara-zhetkinshekter-bugin-qurmetke-bolendi-128644

Программа “СЛУГИ НАРОДА” с Загипой Балиевой

Использование материалов сайта ktk.kz допускается при наличии гиперссылки непосредственно на Материал, которая должна быть расположена в первом или втором предложениях текста Материалов тем же шрифтом, что и основной текст.